Background
Logo

Көкпардан жастар арасындағы XVIII ҚР чемпионаты басталды.

21 мамыр күні шырайлы Шымкентте көкпардан жастар арасындағы ХVIII Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды. Бұл чемпионатқа Шымкент қаласы және

Алматы, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Маңғыстау, Қарағанды, Қызылорда, Түркістан, Ұлытау облыстарының құрама командалары қатысып жатыр.

21-30 мамыр аралығында өтетін бұл чемпионатта 140-қа жуық шабандоз өз өнерін көрсетеді.

12 команда үш-үштен төрт топқа бөлінді.


Бүгін, 21 мамыр чемпионаттың алғашқы жарыс күні өтті.

Бірінші болып Қарағанды облысы мен Шымкент қаласының командалары кездесті. Бұл ойында Шымкенттіктер 12-3 есебімен айқын басымдықпен жеңді.


Екінші ойын Ақтөбе мен Ұлытау облыстары арасындағы кездесу өте тартысты өтті. Бірінші тайм қорытындысы бойыншы 2-1 есебімен Ұлытау облысы жеңіп жатқан. Бірақ екінші таймда Ақтөбеліктер ойынды өз қолына алып, есепті 3:5 қылып «камбэк» жасады.


Үшінші кездесу Жамбыл облвысының жастары мен Жетісу облысының жастары арасында болды. Бірақ бұл ойында Жамбылдықтар жауапсыз 12 салым салып Жетісулықтарды «ойнатпады» десек болады.


Соңғы кездесу Батыс Қазақстан облысы мен Алматы облысының арасында өтуі керек болған. Бірақ батыстықтардың шабандозының құжаты дұрыс болмай ойыннан шығып қалды. Ереже бойынша команданың ойыншылары алаңда 8-ден кем болса, ойын автоматты түрде тоқтатылып, техникалық жеңіліс беріледі. Осылайша, Алматы облысы ойнамай-ақ жеңісңе жетті.


Жастар чемпионаты Шымкент қалалық ипподромында 30 мамырға дейін созылады. Ойындар күн сайын 09:00-де басталатынын естеріңізге саламыз.


Бас серіктес: «Самұрық-Қазына»

Демеушілер: «Sport qory»спортты қолдау қоры.

«BI Group» компаниясы

Logo

Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 6/1, «Каскад» бизнес кешені

Телефондар: +7 (7172) 738301, 738302 E-mail: info@ktf.kz

Материалдарды пайдаланған кезде міндетті түрде сайтқа сілтеме жасау қажет.