Background
Logo

Көкпардан жастар арасындағы XVIII ҚР чемпионаты өз мәресіне жетті.

21 мамыр күні басталған шырайлы Шымкенттегі көкпардан жастар арасындағы ХVIII Қазақстан Республикасының чемпионатының бүгін ақтық кездесуі өтті. Аталған чемпионатқа Шымкент қаласы және Алматы, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Маңғыстау, Қарағанды, Қызылорда, Түркістан, Ұлытау облыстарының құрама командалары қатысты.

Жалпы, 140-қа жуық шабандоз өз өнерін көрсетті.

12 команда үш-үштен төрт топқа бөлініп, айналмалы жүйе бойынша ойнады.

Өз топтарында бірінші орынмен шыққан Түркістан облысы мен Атырау облысының құрамасы жартылай финалда кездесті. Бұл тартысты ойында Түркістандықтардың мерейі үстеп боп, 8:3 есебін таблоға тіркеді.


Ал жартылай финалдың екінші жұбы Алматы облысы мен Шымкент қаласының құрамаларының арасында өткен ойын шырайлы Шымқаланың пайдасына 9:3 есебімен аяқталды.

2.jfif

Жартылай финалдан сүрінген Атырау мен Алматы облыстарының командалары бір-бірімен үшінші орын үшін айқасты. Бұл ойында мұнайлы астананың командасы 4-2 есебімен басым түсті.

Көптен күткен финал Шымкенттік команда мен Түркістан облысының командасы арасында өтті.

Бұл ойынның тартысты өткені сонша, есеп бірінші тайм аяқталар тұста ғана ашылды. Екінші таймда Түркістандықтардың екінші демі ашылып, жауапсыз 2 салым салып есепті 3:0 қылды. Осылайша Түркістандық команда көкпардан жастар арасындағы XVIII ҚР чемпионатының жеңімпазы атанды.


1-орын: Түркістан облысы 7 000 000 тг

2-орын: Шымкент қаласы 5 000 000 тг

3-орын: Атырау облысы 3 000 000 тг

4-орын: Алматы облысы 1 500 000 тг


Бас серіктес: «Самұрық-Қазына»

Демеушілер: «Sport qory»спортты қолдау қоры.

«BI Group» компаниясы

3.jfif
Logo

Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 6/1, «Каскад» бизнес кешені

Телефондар: +7 (7172) 738301, 738302 E-mail: info@ktf.kz

Материалдарды пайдаланған кезде міндетті түрде сайтқа сілтеме жасау қажет.