Background
Logo

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАППАЙ КӨКПАР ФЕДЕРАЦИЯСЫ РЕСМИ ТҮРДЕ АККРЕДИТТЕЛДІ

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі, Спорт және дене шынықтыру істері комитеті ҚР Жаппай көкпар федерациясын ресми акредиттеуден өткізді.

2022 жылы құрылған федерация бұған дейін бірқатар жұмыс атқарды. Халық арасында өте кең таралған ұлттық спортымыздың ережесін жазып, бекітті. Жаңа ережеге сай тәртіп бұзған спортшыларға қатаң жаза қолданатын болды. Нәтижесінде жаппай көкпардағы тәртіпсіздік азайды. Үздік шабандоздарға жүлде тағайындалды. Серкенің салмағы бекітілді. Тиісінше ұлттық спортымыздың жанкүйері көбейіп, барлық көкпардың деңгейі теңесті.

2b64146b-d0df-40c1-b977-bdad5b789ed3.jfif8b1953ac-7e1d-47c5-b73c-f258fd0e2c5c.jfif

Бұған дейін жаппай көкпарда біріңғай ереженің сақталмауынан ат пен адамға төнетін қауіптің болғаны жасырын емес. Ендігі бұл спорт түрінің кем-кетігін түзеу үшін ереже мен талап күшеймек. Алдағы уақытта өтетін барлық ойындар енді ҚР Туризм және спорт министрлігі, Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің тікелей бақылауымен жүзеге асады.

Ұлттық спорттың төресіне айналған жаппай көкпар енді тікелей Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің қарауында.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Жаппай көкпар федерациясының Президенті белгілі ұлттық спорт жанашыры Ғани Ерғалиұлы Дирманов.

адам.jfif
Logo

Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 6/1, «Каскад» бизнес кешені

Телефондар: +7 (7172) 738301, 738302 E-mail: info@ktf.kz

Материалдарды пайдаланған кезде міндетті түрде сайтқа сілтеме жасау қажет.