Background
Logo

ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМА КӨКПАРДАН ФИНАЛҒА ШЫҚТЫ


Көкпардан Қазақстан ұлттық құрамасы финалға шықты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі, «Ұлттық және ат спорт түрлері орталығының» баспасөз қызметі.


Көкпаршылар Ресей командасын 18-2 есебімен жеңіп, Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының финалына жолдама алды. Финалда Қазақстан Қырғызстан-Түркия кездесуінде жеңіске жеткен командамен алтын жүлдені сарапқа салады.


«Қазанат» ипподромында өтіп жатқан көкпар бәсекесіне 9 мемлекеттің құрамасы қатысып жатыр. Бұл спорт түрінен барлығы 104 спортшы сынға түседі. Көкпардан бақ сынайтын құрамалар: Қазақстан, АҚШ, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Венгрия, Қытай, Моңғолия және Түркия.



Logo

Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 6/1, «Каскад» бизнес кешені

Телефондар: +7 (7172) 738301, 738302 E-mail: info@ktf.kz

Материалдарды пайдаланған кезде міндетті түрде сайтқа сілтеме жасау қажет.